Асқаров Жомарт Серікұлы

    Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы

    Асқаров Жомарт Серікұлы
    Начальник

    Асқаров Жомарт Серікұлы

    Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы

    Өмірбаян

    Ж.С. Асқаров, қазақ, 1983 жылы 5 мамырда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Айнабұлақ ауылында дүниеге келген.

    Білімі жоғары. 2005 жылы Көкшетау техникалық институтын "Өрт қауіпсіздігі"мамандығы бойынша бітірген.

    Жұмыс мансабын 2005 жылы Қарағанды облысы бойынша "өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММФ № 5 отрядының кезекші өрт сөндіру қызметі басшылығының көмекшісі қызметінен бастады.

    Қарағанды облысы ТЖ департаментінде және ҚР ТЖ министрлігінде орта және аға басшы құрамның түрлі лауазымдарын атқарды.

    2024 жылғы 23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы лауазымына тағайындалды.

    2025 жылғы 21 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы лауазымына тағайындалды.

    Кадрлық жұмыс, төтенше жағдайлардың алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстары саласында үлкен тәжірибесі бар.

    Қызметтік мансабындағы жоғары көрсеткіштері, ТЖ алдын алу бойынша жұмыстағы жетістіктері, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін ведомстволық наградалармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

    Үйленген. Үш баланы тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері