
Растихин Дмитрий Иванович
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
Д.И. Растихин, ұлты – орыс, 1981 жылдың 14 қазанында Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы, Чистое ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 2004 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2016 жылы Ресей ТЖМ Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін «Техносфералық қауіпсіздік» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Дмитрий Иванович еңбек жолын 2004 жылы Азаматтық қорғаныс жүйесінде бастады. Алғашқы қызметі – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Орт сөндіруші» РМК филиалының кіші инспекторы.
2005 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасына қарасты Петропавл қаласы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері қызметін атқарған.
2010 жылдан бастап – Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері қызметін атқарды.
2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қызылжар ауданы бойынша Төтенше жағдайлар бөлімі бастығы лауазымына тағайындалды.
2018 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметін атқарды.
2020 жылдан бастап ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы лауазымында жұмыс істеді.
2022 жылдың сәуір айында ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.
Растихин Дмитрий Иванович мемлекеттік өрт бақылау саласында үлкен тәжірибеге ие. Оның бастамасымен облыс аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Департаменттің қызметін жетілдіру, халық арасында өрттің алдын алудың инновациялық әдістерін енгізу және ауылдық жерлерде өрт сөндіруде еріктілікті насихаттау бойынша бірқатар бастамалар жүзеге асырылды.
2017 жылы III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.
2020 жылы «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды.
Үйленген. Үш баланың әкесі.



