Молдағұлов Артур Кенжеәкімұлы

    Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

    Молдағұлов Артур Кенжеәкімұлы
    Заместитель

    Молдағұлов Артур Кенжеәкімұлы

    Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

    Өмірбаян

    А. К. Молдағұлов, қазақ, 1971 жылғы 10 желтоқсанда Ресей Федерациясының Оңтүстік Сахалинск қаласында дүниеге келген.

    Білімі жоғары, 1993 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын «агроном» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Орталық Азия университетін «қаржы және есеп» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Артур Кенжеәкімұлы еңбек жолын 1993 жылы Қостанай облысы Арқалық ауданы «Жаңа жол» ЖШС-нің бас агрономы лауазымынан бастады.

    1997 жылдан бастап Қостанай облысы Арқалық ауданы «Фурманов элеваторының» директоры болды.

    1998 жылдан Қостанай облысы Арқалық ауданы «Назира» шаруа қожалығының директоры қызметін атқарды.

    2000 жылы Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің көмекшісі және кеңесшісі болып жұмыс істеді.

    2002 жылдан бастап Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары, ал 2003 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары болды.

    2007 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы қызметін атқарды.

    2011 жылдан бастап Петропавл қаласы әкімінің орынбасары болды.

    2012 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы Статистика департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2013 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

    2019 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

    2020 жылғы тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы қызметін атқарды.

    2025 жылғы қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

    Үйленген.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері