
Қалабаев Жомарт Зарлықұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әкімшілік департаменті директорының орынбасары
Өмірбаян
1974 жылғы 13 қыркүйекте туылған, туған жері Көкшетау облысы Щучье ауданы Қарашілік ауылы.
Білімі жоғары. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі «Заңгер».
Жалпы еңбек өтілі 23 жылдан асады, соның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 19 жыл.
Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысының Көкшетау қаласы әкімінің аппаратында бас маман-заңгер лауазымында бастаған, Ақмола облысы әділет департаментінің сот қызметін ұйымдастыру бөлімінде аға маман, ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетінің кадрлық және ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы, одан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің инспекция және бақылау бөлімінің бас консультанты, Персоналды басқару қызметінің басшысы, ұйымдастыру-бақылау жұмысы басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Қазіргі уақытта Әкімшілік департаменті директорының орынбасары болып қызмет етеді.





