
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде маңызды тәжірибелік семинар-сабақ өтті. Жиынға Шымкент қаласы ПД Қаратау АПБ Жедел-криминалистикалық бөлім қызметкерлері мен ТЖД анықтаушылары қатысты.
Семинардың тақырыбы: «Өрт туралы істер бойынша анықтау жүргізу кезінде азаматтық қорғау органдарының анықтау бөлімшелері мен ішкі істер органдарының өзара іс-қимылы».
Іс-шараның негізгі бағыттары:
Семинардың практикалық бөлімінде өрт орнын қарау және мәйітке оқиға орнында қарау жүргізу әдістемесі жан-жақты пысықталды.
Қатысушылар мәйіттің орналасу жағдайын тіркеу, сыртқы қарау тәртібі, жарақаттар мен термиялық әсер белгілерін сипаттау бағытында тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.
Сонымен қатар фото-бейнефиксация жүргізу, іздер мен заттай дәлелдемелерді анықтау, бекіту және алу жұмыстары пысықталды.
Семинар нәтижесінде ТЖД анықтау бөлімшелері мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің бірлескен іс-қимыл алгоритмі іс жүзінде бекітіліп, өрт оқиғалары бойынша анықтау жүргізудің тиімділігі арттырылды.









