Бауыржан Қази «Торпедо» хоккей клубының басшысы болып тағайындалды

    Бауыржан Қази «Торпедо» хоккей клубының басшысы болып тағайындалды

    ​«Торпедо» хоккей клубы Бауыржан Мұратұлы Қазидың клуб басшысы лауазымына тағайындалғанын хабарлайды.

    ​Бауыржан Қази 1985 жылы 17 мамырда Өскемен қаласында дүниеге келген. Кәсіби спорт, спорттық менеджмент және әкімшілік басқару саласында көпжылдық тәжірибесі бар.

    ​Әр жылдары волейбол клубтарында басшылық әрі бапкерлік қызметтерді атқарған, Ұлттық лига командаларымен жұмыс істеген, сондай-ақ спорттық және халықаралық процестерді ұйымдастыруға қатысқан. 2023 жылдан бері «Berel» кәсіби волейбол клубы» ҚҚ басқарып келеді.

    ​Бауыржан Қазидың «Бастапқы әскери дайындық», «Құқықтану» және «Қаржы» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.

    ​Бұған дейін клубтың бірінші басшысы қызметін атқарған Виктор Николаевич Быстрянцев «Торпедо» құрылымында жұмысын жалғастырып, басшының спорттық бағыт жөніндегі орынбасары лауазымына ауысады.

    ​

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары