
Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері мен Өскемен гарнизонының 26943 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қарттар күнімен құттықтау үшін ардагерлер Анастасия Павловна Светочева мен Михаил Яковлевич Головатюктің үйіне барды.
Әскери қызметшілер ардагерлерге алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізіп, естелік сыйлықтар табыс етті. Қонақтар ардагерлермен олардың өмірі мен еңбек жолы туралы әңгімелесіп, аға буынның жастарға қалдыратын естеліктері мен ақыл-кеңестерін тыңдады.
Іс-шараға С. Нұрмағамбетов атындағы мектептің жас сарбаздары да қосылды. Балалар ардагерлерді құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Үлкенді сыйлау – тәрбиедегі маңызды құндылықтардың бірі.
«Жас Сарбаз» – жастарды Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелейтін республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы.
– Мұндай кездесулер аға буынның өмірлік тәжірибесін жастарға жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар әскери қызметшілер мен өскелең ұрпақты үлкендерді құрметтеуге, патриоттық сезімге және өз еліне қызмет етуге деген ұмтылысқа тәрбиелеуге ықпал етеді, – деді ардагерлермен жұмыс жөніндегі қызмет бастығы, майор Асет Адамбаев.









