АУДАНДА АВТОКӨЛІКТЕРДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША РЕЙД ӨТКІЗІЛДІ

    Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция қызметкерлері бірлесіп қоғамдық тасымал және жеке автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бойынша рейдтік іс-шара өткізді.
    Рейд барысында автокөліктерде алғашқы өрт сөндіру құралдарының, атап айтқанда өрт сөндіргіштердің болуы мен жарамдылығы, сондай-ақ газ қондырғысы орнатылған көлік құралдарының техникалық жағдайына ерекше назар аударылды.
    Іс-шара жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жаңақорған ауданының әкімдігі" жаңалықтары