Шет ауданының орталығы Ақсу- Аюлы ауылының Мәдениет үйі алаңында Қазақстан халқы тілдері күніне орай, “Тіл FEST» фестивалі өтті

    Шет ауданының орталығы Ақсу- Аюлы ауылының Мәдениет үйі алаңында Қазақстан халқы тілдері күніне орай, “Тіл FEST» фестивалі өтті

    Мерекелік шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін насихаттау, дамыту және қоғамдағы тілдерге деген құрметті қалыптастыру.

    Фестиваль аясында қатысушылар үшін түрлі танымдық, мәдени және интеллектуалдық-шығармашылық , спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Қатысушылар әр ұлт тілдерінде өнер көрсетіп, тілге қатысты сайыстарға , ұлттық ойындарға белсене қатысты. Сонымен қатар ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптейтін шығармашылық қойылымдар ұсынылды.

    Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің өкілдері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, жастар және аудан тұрғындары қатысып, мерекелік шараның мазмұнын арттыра түсті.

    Тіл – халықтың рухани мұрасы мен ұлттық болмысының негізі. Әр тілді құрметтеу – әр мәдениетке құрмет көрсетудің белгісі. Ал мемлекеттік тілді дамыту – баршаға ортақ міндет.

    «Тіл FEST» фестивалі – тілдерге құрмет, мәдениеттерге сабақтастық және ел бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды мәдени бастама.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары