
Шет ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында дебат турнирі өткізілді.
Дебат турнирінің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің «Адал азамат» идеалдарына сәйкес кәсіби және тұлғалық қасиеттерін дамыту, азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сыни және стратегиялық ойлау қабілетін жетілдіру, сондай-ақ пікір алмасу мәдениетін арттыру.
Турнир барысында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен жеткізіп, қарсы тараптың пікірін тыңдау және оған сындарлы жауап беру қабілеттерін көрсетті.
Мемлекеттік қызмет – жоғары кәсібилікпен қатар адалдықты, жауапкершілікті, парасаттылықты және қоғам алдындағы жоғары азаматтық ұстанымды талап ететін ерекше сала. Осы тұрғыдан алғанда, дебат алаңы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін шыңдап қана қоймай, олардың тұлғалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды форматтардың бірі.
Іс-шара барысында қатысушылар өз ойын жүйелі жеткізу, дәлелді пікір қалыптастыру, пікір алуандығына құрметпен қарау және ортақ шешімге келу дағдыларын көрсетті.









