1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі құтты болсын!

    1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі құтты болсын!

    Ардақты ардагерлер! Қадірлі аға буын өкілдері!

    Баршаңызды бүгінгі 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
    Халқымыз қашан да «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп жасы үлкен адамдарды құрмет тұтқан. Қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – ұлт дәстүріне терең орнығып, салт-санамызға сіңген ізгі қасиет.
    Бүгін айтулы мерекеде аудан орталығында тұратын, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесі мен білім саласына арнаған ардақты ұстаз, білім беру саласының үздігі әрі қадірлі ардагері Манап апамызға арнайы барып, мерекелік ізгі тілегімді жеткіздім. Ұстаздық жолда талай жыл еңбек етіп, мыңдаған шәкірттің жүрегіне білім мен ізгіліктің дәнін сепкен Манап апаның өмір жолы – кейінгі буынға өшпес өнеге, көнермес тағылым.
    Осындай елге еңбегі сіңген ардақты жандардың өнегелі өмір жолы біз үшін қашанда қымбат. Өздеріңізге қарап, кейінгі ұрпақ бой түзеп, жаңа заманға сай ілкімді істерді жалғастыруда.
    Сондықтан алдағы уақытта да адастырмас ақыл-кеңестеріңізбен, өмірлік бай тәжірибелеріңізбен бөлісіп, ауданымызды дамыту жолында бірлесе жұмыс атқаратынымызға сенімім мол.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары