
Румынияның Бухарест қаласында өтіп жатқан тоғызқұмалақтан ересектер арасындағы Әлем чемпионатында Шет ауданы Ақадыр кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, тоғызқұмалақ бөлімінің жаттықтырушысы Қожанәсіп Аңсаған жоғары шеберлік көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғап шықты.
Байрақты бәсеке қорытындысы бойынша жерлесіміз рапид түрінен 2 орынды иеленіп, күміс жүлдеге қол жеткізсе, блиц жарысының нәтижесінде Әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Халықаралық аренада үздік өнер көрсетіп, аудан мәртебесін биіктеткен спортшымызды, оның бапкерлерін және барша тоғызқұмалақ сүйер қауымды қол жеткізген салмақты нәтижесімен құттықтаймыз. Жерлесімізге алдағы асуларда да арайлы жеңістер мен жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз.









