
Аудан әкімідігінің гранты Шет ауданында шағын кәсіпкерлікті дамытуға және өз істерін кеңейтуге беріледі.
Жобаға қатысушыға қойылатын талаптар:
- грант кәсіпкерлерге өз ісін кеңейтуге және өз ісін жаңадан ашқан кәсіпкерлерге салалық шектеусіз беріледі (басым бағыт негізінен: өңдеу, қайта өңдеу, қызмет көрсету және ауданда бүгінгі күнде жоқ жобалар);
- кәсіпкердің кемінде жарты жыл кәсіпкер ретінде ауданда тіркеліп, жұмыс істеп тұруы міңдетті;
- грантқа үміткерлер өзінің іске асыратын жобасы бойынша бизнес-жоспарлары болуы қажет. Бизнес-жобасын комиссия отырысында таңыстырады (таныстыру материалдары, слайд, т.б.);
- грант құрылыс жұмыстарына, ғимарат сатып алуға және ғимараттын жалдау ақысын төлеуге берілмейді;
- есепті мерзімге дейін кәсіпкерлікті қолдау бағытында мемлекеттік грантқа қатысып грант алғандар қатыса алмайды.
Гранттын мақсаты:
- ауданда шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту;
- ауылдық жерлерде қолдау таппай отырған бизнеске демеу көрсету;
- шағын кәсіпкерлік арқылы жергілікті жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашу;
Грант сомасы:
- гранттын жалпы сомасы 11 000 000 теңгені құрайды. Бір қатысушыға берілетін қаражат көлемін комиссия отырысында, комиссия мүшелері бизнес жобамен таныса отырып анықтайды;
- гранттың ең жоғары берілетін сомасын комиссия мүшелері белгілейді;
Бизнес-жоспарларды таңдау:
- бизнес-жобаның бәсекелесуге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті анықтау-маркетингтік саралау);
- бизнес-идеяның жаңашылдығы;
- бизнестің келешектегі дамуы оның қызмет көрсететін түріне байланысты алдағы уақытта экономикалық дамуын қарау;
- аудан үшін жобаның маңыздылығы;
Аудандық грантқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- гранттарды ұсыну бойынша конкурстық іріктеуге қатысу туралы өтінім;
- заңды тұлғаны (жеке кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
- бизнес-жоба (бүгінгі күнде жұмыс істеп тұрған кәсіптін фото, видео);
- қатысушының («Бизнес-Кеңесші», «Бизнес Бастау») жедел курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі (сертификат) бар болған жағдайда;
- кәсіпкер атынан өтінімді тапсыру құқығына сенімхат, сенімді тұлға төлқұжаттың көшірмесі (заңды тұлға атынан-заңды тұлға бекіткен);
- жеке куәліктің көшірмесі және шот нөмері (ЖК ашылған);
- құжаттарды іс папкасына (скоросшиватель) тігіп әкелу қажет;
Конкурсқа қатысу өтінімін (іс папкасына жинақталған) 2026 жылдың 24 қыркүйегінен 12 қазан сағат 18:00 дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен өтінімдер қабылданбайды. Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі 10, «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ.
Анықтама телефоны: 8 (71031)21-2-14 факс, тел:50-8-44 (жұмыс күндері сағат 9:00 ден-18:30 ге дейін).









