
Жеке тұлғаларға мүлік салығын уақытылы төлеу қажеттігін еске саламыз.
Төлеу мерзімі – 2026 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей.
2026 жылы 2025 жыл үшін есептелген мүлік салығы төленеді.
Мүлік салығы қандай объектілер бойынша төленеді?
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектілері бойынша, оның ішінде:
• тұрғын үйлер мен пәтерлер;
• саяжай құрылыстары;
• гараждар мен тұрақ орындары;
• салық салу объектісі болып табылатын өзге де ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар және жылжымайтын мүлік объектілері бойынша төленеді.
Салық қалай есептеледі?
Жеке тұлғаларға мүлік салығын өз бетінше есептеудің қажеті жоқ. Салық сомасын мемлекеттік кірістер органдары салық базасы мен Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер негізінде есептейді.
Салық мөлшері, оның ішінде, салық салу объектісінің құнына байланысты болады.
Салық сомасын қайдан білуге болады?
Есептелген салық сомасы мен салық берешегінің бар-жоғын:
• мемлекеттік кірістер органдарының электрондық сервистері арқылы;
• e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы;
• банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады.
Маңызды!
Салық белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда, төленбеген сомаға өсімпұл есептеледі.
Салық берешегінің туындауына жол бермеу үшін есептелген салық сомасын алдын ала тексеріп, оны 2026 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей төлеуді ұсынамыз.
Мүлік салығы жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.




