
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тілдер сөйлейді» тақырыбында презентация өткізілді.
Презентация барысында тілдің адам өміріндегі және қоғамдағы маңызы, оның ұлттың тарихы мен мәдениетін сақтаудағы рөлі туралы кеңінен ақпарат берілді. Қатысушыларға Қазақстандағы тіл саясаты, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесі, ана тілін құрметтеу және тілдерді сақтап, дамыту қажеттілігі жөнінде мәліметтер ұсынылды.
Сонымен қатар елімізде өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдерінің тілдері, олардың өзіндік ерекшеліктері мен мәдени құндылықтары таныстырылды. «Тіл – халықтың жаны, мәдениеттің негізі» екені айтылып, әр азаматтың өз ана тілін құрметтеп, мемлекеттік тілді білуі мен қолдануының маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шараның мақсаты – көптілділікті насихаттау, тілге деген құрметті арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және өскелең ұрпақты тіл мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.








