Энергомин республикалық спартакиадада баскетбол мен жүзуден алтын алды

    Энергомин республикалық спартакиадада баскетбол мен жүзуден алтын алды

    Биыл орталық мемлекеттік органдар арасында өткен республикалық спартакиадаға 27 мемлекеттік органнан 1000-нан астам қызметкер қатысты. Төрт күнге созылған жарыста қатысушылар спорттың 10 түрінен бақ сынады.

    Энергетика министрлігінің құрамында 26 қызметкер өнер көрсетті. Министрлік өкілдері спорттың 8 түрінен: волейбол, 3×3 баскетбол, үстел теннисі, жүзу, киберспорт, шахмат, қазақ күресі және қол күресінен жарысқа қатысты.

    Жарыс қорытындысы бойынша Энергетика министрлігінің спортшылары бірнеше спорт түрінен жоғары нәтиже көрсетті.

    Баскетболдан Энергомин командасы 1-орынға ие болды.

    Тоғызқұмалақтан министрлік командасы командалық есепте 2-орын алды. Ал жекелей сында Санжар Такенов 1-орынға ие болды.

    Жүзуден министрлік қызметкерлері 1-орынды иеленді. Жекелей жарыста Диляра Өмірсерікова 2-орын, Уәлихан Ғабитов 3-орын алды.

    Осылайша, Энергетика министрлігінің командасы 27 орталық мемлекеттік органның арасындағы республикалық спартакиаданың жалпыкомандалық есебінде 7-орынға ие болды.

    Команданың бұл жетістігі – қатысушылардың ауызбіршілігі, жоғары спорттық шеберлігі және Энергетика министрлігінің намысын лайықты қорғауға деген ұмтылысының нәтижесі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" жаңалықтары