Ауданның участкелік сайлау комиссиясының құрамындағы бос орындар туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

    Ауданның участкелік сайлау комиссиясының құрамындағы бос орындар туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының

    ХАБАРЛАМАСЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына, «Участкелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 2 қыркүйектегі № 54/57 қаулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты бос орындар туралы хабарлайды.

    Төменде бос орындар бар сайлау комиссияларының тізімі жарияланады.

    Сайлау комиссияларында барлығы 12(он екі) бос орындар бар.

    Құрылатын сайлау комиссиясына қатысты Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің және жоғары тұрғандардың ұсыныстары 2026жылғы4 қыркүйектен 18 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) қабылданады.

    Көрсетілген мерзімде саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиясы мәслихат аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттар туралы белгіленген нысандағы мәліметтерді электрондық және қағаз жеткізгіштерде;

    2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

    3) саяси партияны, қоғамдық бiрлестiктi немесе олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;

    4) кандидаттардың белгiленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келiсiм беру туралы өтiнiшi (Қосымша 2).

    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

    Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидаттар туралы ақпарат нысандары, өтініш, біліктілік талаптары мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылған.

    Сайлау комиссияларының құрамы туралы ұсыныстарды қабылдау аудандық мәслихаттың аппаратында 2026 жылғы 18 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін келесі мекенжай бойынша жүргізіледі: Обаған ауылы, Ленин көш., 4.

    Алтынсарин аудандық мәслихаты

    Мусапирова Светлана Сағындыққызы – Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы.

    Мәслихаттың орналасқан жері: Обаған ауылы, Ленин, көш.4, аудан әкімдігінің ғимараты.

    Құжаттарды жинауға жауапты тұлға: Сартова Ж.М. телефон 8(71445) 34-2-57 электрондық пошта мекен-жайы: [email protected]

    Құрамындабос орны барАлтынсарин аудандық участкелік сайлау комиссиясының

    ТІЗІМІ

    №р/н

    Участок

    номері

    Сайлау комиссиясының

    Орналасқан жері

    Вакансиялар

    саны

    Участкелік сайлау комиссиялары – 5

    1.

    186

    Сатай ауылы, Дружбы көшесі, 2

    (мектеп ғимараты)

    1

    2.

    189

    Свердлов ауылы, Целинная көшесі, 1

    (мектеп ғимараты)

    1

    3.

    191

    Воробьевка ауылы, Школьная көшесі, 1

    (мектеп ғимараты)

    1

    4.

    202

    Приозерное ауылы, Школьная көшесі, 15

    (мектеп ғимараты)

    1

    5.

    203

    Көбек ауылы, Центральная көшесі, 23 (жеке тұрғын үй құрылысы)

    4

    6.

    207

    Басбек ауылы, И.Омарова көшесі, 8

    (мектеп ғимараты)

    1

    7.

    871

    Большая Чураковка ауылы, Почтовая көшесі, 1(мектеп ғимараты)

    3

    ______________________

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алтынсарын ауданының мәслихаты" жаңалықтары