Ауданның округтік және учаскелік сайлау комиссиясының құрамындағы бос орындар туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

    Ауданныңокругтік және учаскеліксайлау комиссиясының құрамындағы бос орындар туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының

    ХАБАРЛАМАСЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына, Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 60/61 «Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты бос орындарды жариялайды.

    Төмендебос орындар бар сайлау комиссияларының тізімі жарияланады.

    Сайлау комиссияларында барлығы14(он төрт)бос орын бар.

    Құрылатын сайлау комиссиясына қатысты Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің және жоғары тұрғандардың ұсыныстары 2026жылғы29 қыркүйектен 13 қазанға дейін(қоса алғанда) қабылданады.

    Көрсетілген мерзімде саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиясы мәслихат аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттар туралы белгіленген нысандағы мәліметтерді электрондық және қағаз жеткізгіштерде(Қосымша 1);

    2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

    3) саяси партияны, қоғамдық бiрлестiктi немесе олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;

    4) кандидаттардың белгiленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келiсiм беру туралы өтiнiшi(Қосымша 2).

    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылғантұлға«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуітиіс.

    Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидаттар туралы ақпарат нысандары, өтініш, біліктілік талаптары мәслихаттың (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/documents/1?lang=kk) интернет-ресурсында орналастырылған.

    Сайлау комиссияларының құрамы туралы ұсыныстарды қабылдау аудандық мәслихаттың аппаратында 2026 жылғы 13 қазанға дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:30-ден 17:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін жүргізіледі.

    Алтынсарин аудандық мәслихаты

    Мусапирова Светлана Сағындыққызы –Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы.

    Мәслихаттың орналасқан жері:Обаған ауылы, Ленин, көш.4, аудан әкімдігінің ғимараты.

    Құжаттарды жинауға жауапты тұлға:Сартова Ж.М. телефон 8(71445) 34-2-57 электрондық пошта мекен-жайы: [email protected]

    Құрамындабос орны бар Алтынсарин аудандық округтік

    және участкелік сайлау комиссиясының

    ТІЗІМІ

    №р/н

    Участок

    номері

    Сайлау комиссиясының

    Орналасқан жері

    Вакансиялар

    саны

    Округтіксайлау комиссиялары–9

    1.

    1

    Танабай ауылы,Урожайнаякөшесі,3

    (мектеп ғимараты)

    1

    2.

    3

    Свердлов ауылы,Ленинкөшесі,28

    (ауыл әкімі аппаратының ғимараты)

    2

    3.

    6

    Новоалексеевка ауылы, Ленин көшесі, 49

    (ауыл әкімі аппаратының ғимараты)

    1

    4.

    7

    Первомай ауылы, Луговая көшесі, 1

    (ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты)

    3

    5.

    10

    Красный Кордонауылы,Центральнаякөшесі, 8

    (ауыл әкімі аппаратының ғимараты)

    2

    Участкелік сайлау комиссиялары–5

    1.

    203

    Кубековкаауылы,Центральная көшесі, 23 (тұрғын үй ғимараты)

    5

    ______________________

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алтынсарын ауданының мәслихаты" жаңалықтары