Көлік полицейлері ішкі істер органдарына қызметке орналасу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

    Көлік полицейлері ішкі істер органдарына қызметке орналасу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

    Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөліміне барды. Мұндағы мақсат - ішкі істер органдарын білікті кадрлармен толықтыру үшін үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Айтулы іс-шараға 400-ге жуық мерзімді әскери қызметші қатысты.
    Көлік полицейлері әскери қызметшілерге ішкі істер органдарына қызметке орналасу тәртібі, кандидаттарға қойылатын талаптар, қызмет өткерудің шарттары мен әлеуметтік кепілдіктер, сондай-ақ кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпараттар берді. Сондай-ақ, олар қатысушыларға мерзімді әскери қызмет барысында алған білімдері мен тәжірибелерін ішкі істер органдарындағы қызметте одан жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар екендін айтты.
    Жиын қорытындысында еліміздің түпкір-түпкірінен келген 80-ге жуық әскери қызметші ішкі істер органдарына қызметке орналасуға ниет білдірді. Барынша қызығушылық танытқан әрбір әскери қызметшімен одан әрі іріктеу рәсімдерінен өту және қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі бойынша жеке-жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Мұндай кездесулер ішкі істер органдарына қызмет етуге ниетті, талабы жоғары жастарды тартуға, сондай-ақ Отан алдындағы борышын өтеп жүрген әскери қызметшілер арасынан болашақ полиция қызметкерлерінің кадрлық резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
    Басқосу соңында, жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауаптар берілді. Мұндай үгіт-насихат жұмыстары алдағы уақытта да әрі қарай жалғасатын болады.

    Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі полиция департаменті" жаңалықтары