
Хромтау ауданы әкімінің өкімімен Абдиров Ербол Амангельдиевич Хромтау ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ербол Амангельдиевич 1986 жылы дүниеге келген.
2004 жылы Қазтұтынуодағының Ақтөбе кооперативтік колледжін, 2008 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған. Мамандығы – «Салық ісі», «Қаржы».
Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің аппаратында іс жүргізу бағытында бастаған.
2009-2010 жылдары Мәртөк аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде бас маман, 2010-2011 жылдары Тәңірберген ауылдық округі әкімінің аппаратында есеп жөніндегі бас маман қызметтерін атқарды.
2011-2012 жылдары Мәртөк аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде жетекші маман, 2012-2014 жылдары Мәртөк және Хромтау аудандық салық басқармаларында бас маман болып еңбек етті.
2015 жылдан 2026 жылғы 13 қыркүйекке дейін Тассай ауылдық округінің әкімі лауазымында еңбек етті.
Абдиров Ербол Амангельдиевичті жаңа қызметімен құттықтаймыз!
Жауапты қызметіне сәттілік, жаңа міндеттерін абыроймен атқарып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстарына толағай табыс тілейміз!









