
Жыл сайын 1 қазанда атап өтілетін Халықаралық қарттар күніне орай Көліктегі полиция департаментінің Ардагерлер кеңесі ішкі істер органдарының ардагерлеріне атаулы көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.
Көліктегі ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есболат Шаймерденов жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бөлімінің бастығы Ғабит Сейтімбетовпен бірге ерекше назар мен қолдауды қажет ететін көлік полициясының ардагерлерінің шаңырақтарына барып, жағдайларымен танысты.
Кездесу барысында көлік полициясының 83 жастағы ардагері Өмірзақ Қуатовтың жағдайы сұралып, отбасының тұрмыстық жағдайына көңіл бөлінді. Оған материалдық көмек көрсетіліп, азық-түлік себеті табысталды.
Сондай-ақ 88 жастағы Юлия Ефимовнаға да арнайы барып қайтты Кездесу барысында қонақтар оның амандығы мен қазіргі тұрмыс-жағдайын білді. Юлия Ефимовнаға материалдық көмек көрсетіліп, азық-түлік себеті табысталды.
«Мұндай кездесулер барысында көліктегі ішкі істер органдарының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Әріптестері мен Департамент өкілдерінің назары олар үшін маңызды қолдау болып табылады. Бұл олардың көп жылғы еңбегі мен қызметтік жолының ұмытылмағанының айғағы», – деді Е. Шаймерденов.
Сонымен қатар Қарттар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында көлік полициясының ардагерлерінің тағы 40 отбасына материалдық көмек көрсетіліп, азық-түлік себеттері табысталды.
Ардагерлер кеңесінің айтуынша, аға буынға қамқорлық жасау жекелеген мерекелік күндермен ғана шектелмейді. Ардагерлерді қолдау, олардың өмірлік жағдайларына назар аудару және ұрпақтар сабақтастығын сақтау – ардагерлер ұйымы жұмысының маңызды бағыттарының бірі.
Көліктегі ПД ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ аға буынға құрмет пен қамқорлық танытудың игі дәстүрлерін жалғастыра береді.









