Атырау облысында 5530 тонна балық ауланды

    Атырау облысында 5530 тонна балық ауланды
    Атырау облысында балық шаруашылығын дамыту және жергілікті өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
    2026 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша өңірде 5530 тонна балық ауланды.
    Ауланған өнімнің 4643 тоннаға жуығы шет елдерге экспортталды. Бұл жалпы ауланған балық көлемінің шамамен 84 пайызын құрайды.
    Балық өнімдерін экспорттау өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі маңызды бағыттардың бірі. Жергілікті кәсіпорындар өндірілген өнімді ішкі нарыққа жеткізумен қатар, сыртқы нарыққа шығару арқылы саланың экономикалық әлеуетін арттыруға үлес қосып келеді.
    Балық өнімдеріне деген сыртқы сұраныстың болуы өндіріс көлемін ұлғайтуға, кәсіпорындардың қуатын арттыруға және жаңа нарықтарды игеруге мүмкіндік береді.
    Алдағы кезеңде балық шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу көлемін арттыру, өнім сапасын жақсарту және экспорттық бағыттарды кеңейту бойынша жұмыстар жалғасады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" жаңалықтары