Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

    Басқарма туралы

    «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Атырау облысында агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

    «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» аграрлық секторының ұтымды және тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету мен ауыл шаруашылығы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу.

    «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    АТЫРАУ ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

    Мекеменің атауы Азаматтарға қабылдау өткізетін тұлғаның аты-жөні Азаматтарға қабылдау өткізетін тұлғаның лауазымы Азаматтарды қабылдау күні және уақыты Мекеменің орналасқан жері Байланыс телефоны Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Саламат Амангелді Сағидоллаұлы Басшы Әр аптаның сәрсенбі күні 14.30-17.30 сағат аралығында Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77 8 (7122) 35-50-31

    21 мамыр 2024 ж.Тікелей
    Қаулы

    2026 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесін және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (этномофагтарды) субсидиялауға бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

    2026 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесін және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (этномофагтарды) субсидиялауға бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 195 қаулысы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2026 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесін және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары; 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2026 жылға пестицидтерді, биоагенттерді (этномофагтарды) субсидиялауға бюджет қаражатының көлемі бекітілсін. 2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін: 1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе қаласындағы аймақтық филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды; 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Облыс әкімі Б. Ақшолақов

    Жарияланды:
    Қаулы

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 81, 84-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 61,62, 62-2, 63 баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Азаматша Зинаида Сәрсенғазықызы Жубаеваның «Асанғали» шаруа қожалығына шалғайдағы мал шаруашылығынжүргізу үшін 10 (он)жыл мерзiмгеуақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығындағы Атырау облысы,Махамбет ауданы, Бақсай ауылдық округінің аумағында орналасқан көлемі 200,2166 гектарды құрайтын, кадастрлық нөмірі 04-065-017-711 жер учаскесінің 45,123 гектары «Оңтүстік-Шығыс Новобогат» (ернеу үсті) кен орнында көмірсутегі шикізатын өндіру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын. 2. 2027 жылғы 10 мамырынан кешіктірмей мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруы жүзеге асырылсын. 3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскесінің меншік иесі жүгінетін орын: Атырау қаласы, Әйтеке бикөшесі, 77ғимарат, «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі. 4. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енед Облыс әкіміБ.Ақшолақов

    Жарияланды:
    Бюджет

    Бюджеттік бағдарлама паспорты жоспарлы кезең 2026 - 2028 жылдарға (түзету қыркүйек 2026)

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «QazNetEtiquette» әдеп кодексі

    Қазақстанда этносаралық «өшпенділік тілінің» алдын алуға бағытталған «QazNetEtiquette» әдеп кодексі – интернет кеңістігіндегі өзара сыйластық пен әдепті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған маңызды бастама. Әдеп кодексі қоғам мүшелерін әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарында жауапкершілікпен пікір білдіруге, өзара құрмет пен толеранттылық қағидаттарын сақтауға үндейді.

    Жарияланды:
    Қаулы

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы . Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 81, 84 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 61,62, 62-2, 63 баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Азамат Тажмуратов Калдыбек Тулегеновичтің шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі 10 (он) жыл мерзімге жер пайдалану (жалдау) құқығындағы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шаумола құдық маңында орналасқан көлемі 3000 (үш мың) гектар, кадастрлық нөмірі 04-059-016-576 жер учаскесінің 92,6 гектары пайдалы қазбалардың кен орнын игеру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын. 2027 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскесінің меншік иесіжүгінетін орын: Атырау қаласы, Әйтеке би, 77, «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Облыс әкімі Б.Ақшолақов

    Жарияланды:
    Қаулы

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы . Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 81, 84баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 61,62, 62-2, 63 баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Азамат Жиенкулов Бахтыгали Тилеуовичтің «Ащысай» шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі 10 (он) жыл мерзімге жер пайдалану (жалдау) құқығындағы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Орта Аққұдық учаскесінде орналасқан көлемі 1000 (мың) гектар, кадастрлық нөмірі 04-059-016-119 жер учаскесінің 50,3 гектары пайдалы қазбалардың кен орнын игеру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын. 2027 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскесінің меншік иесі жүгінетін орын: Атырау қаласы, Әйтеке би, 77, «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Облыс әкіміБ.Ақшолақов

    Жарияланды: