Мемлекет мұқтажы үшін жер
учаскесін мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 81, 84 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 61,62, 62-2, 63 баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Азамат Тажмуратов Калдыбек Тулегеновичтің шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі 10 (он) жыл мерзімге жер пайдалану (жалдау) құқығындағы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шаумола құдық маңында орналасқан көлемі 3000 (үш мың) гектар, кадастрлық нөмірі 04-059-016-576 жер учаскесінің 92,6 гектары пайдалы қазбалардың кен орнын игеру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- 2027 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
- Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскесінің меншік иесіжүгінетін орын: Атырау қаласы, Әйтеке би, 77, «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
- «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Облыс әкімі Б.Ақшолақов