Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

    Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

    Мемлекет мұқтажы үшін жер

    учаскесін мәжбүрлеп иеліктен

    шығарудың басталуы туралы

    .

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 81, 84баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 61,62, 62-2, 63 баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Азамат Жиенкулов Бахтыгали Тилеуовичтің «Ащысай» шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі 10 (он) жыл мерзімге жер пайдалану (жалдау) құқығындағы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Орта Аққұдық учаскесінде орналасқан көлемі 1000 (мың) гектар, кадастрлық нөмірі 04-059-016-119 жер учаскесінің 50,3 гектары пайдалы қазбалардың кен орнын игеру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
    2. 2027 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
    3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскесінің меншік иесі жүгінетін орын: Атырау қаласы, Әйтеке би, 77, «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
    4. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
    5. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Облыс әкіміБ.Ақшолақов

    Ұқсас материалдар

    Қаулы

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы . Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 81, 84 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлеке...

    Қаулы

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 81, 84 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекет...

    Анықтама

    «Атырау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Хабарлама

    Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау 2026 жылғы 20 мамырдан басталатынын хабарлайды.

    Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау 2026 жылғы 20 мамырда басталатынын хабарлайды. Ұсыныс пікірлеріңіз болған жағдайды 8...