Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 933 «Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат беру», «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасын қоғамдық талқылауға шығарады.
Жоба стандартты үлгілерді әзірлеудің бастапқы кезеңдерінде техникалық құжаттаманың сапасын арттыру, типті бекітуден бас тарту тәуекелдерін барынша азайту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін стандартты үлгілердің шығарылуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы жария талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылды, онда барлық мүдделі тұлғалар құжатпен танысып, өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізе алады (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15902187









