📚2026–2027 оқу жылында білім алушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету📚

    📚2026–2027 оқу жылында білім алушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету📚

    📚ЖЕЛЕЗІН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН 2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ОҚУЛЫҚТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ

    📚Білім бөліміне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына 2026–2027 оқу жылында білім бөлімі жаңартылған математика, дүниетану, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, музыка, орыс тілі (орыс сыныптарында), мектепалды даярлық сыныптары және 1-сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптерлерін сатып алу үшін 4259 дана көлемінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге (ОӘК) тапсырыс жасағанын хабарлайды.

    📚2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша барлық оқу әдебиеттері білім беру ұйымдарына таратылып, берілді. Мектеп оқушыларына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) беру толық көлемде жүзеге асырылды.

    📚Железін ауданы бойынша оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен (ОӘК) қамтамасыз ету 100% құрайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы білім беру басқармасының «Железин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары