
Железин ауданында бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары өтті
2026 жылғы 16 қыркүйекте Железин ауданындағы №1 жалпы орта білім беру мектебінің базасында бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің қатысуымен әдістемелік семинар өткізілді.
Семинардың негізгі тақырыбы – «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары – адам капиталын дамытудың және білім беру жүйесінің стратегиялық негізі».
Іс-шараның басты мақсаты – бастапқы әскери дайындық пәнін оқыту барысында білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін, отансүйгіштік қасиеттерін, құқықтық сауаттылығын және елдің конституциялық құндылықтарына деген құрметін қалыптастырудың тиімді әдістерін талқылау.
Семинар барысында педагогтер Конституциялық нормалар мен құндылықтардың білім беру үдерісіндегі маңызына тоқталып, олардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін саралады. Сонымен қатар бастапқы әскери дайындық пәнін оқытудың өзекті мәселелері, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану және практикалық сабақтарды ұйымдастырудың ерекшеліктері қарастырылды.
Әдістемелік семинар педагогтер арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті жетілдіруге және білім алушылардың бойында елжандылық пен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған тиімді тәжірибелерді таратуға мүмкіндік берді.
Мұндай әдістемелік кездесулер педагогтердің кәсіби дамуын қолдап, білім беру сапасын арттыруға және жас ұрпақты ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын саналы азамат ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.









