Павлодар облысы білім беру басқармасының «Железин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

2026 жылғы 18 қыркүйекте М.Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінде Железин ауданының дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен дене шынықтыру нұсқаушыларының қатысуымен әдістемелік семинар өткізілді.
Семинардың негізгі тақырыбы: «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары – адам капиталын дамытудың және білім беру жүйесінің стратегиялық негізі».
Семинар барысында дене шынықтыру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына және әдістемелік шеберлігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.









