Дөңгелек үстел

    Дөңгелек үстел

    2026 жылғы 6 тамызда Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараға сот төрағасы М.К. Мұсабаев, судьялар, Павлодар облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Гүлстан Темірова, сот аппаратының басшысы М. Нетметжанова, Павлодар облысы Әділет департаменті бөлімінің басшысы Аслана Байзақова, бас маман Ғазиз Жұматов, өңірлік жеке сот орындаушылары палатасының өкілдері және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

    Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістердің тәжірибеде қолданылуы, атқарушылық іс жүргізудің өзекті мәселелері және құқық қолдану тәжірибесіндегі түйткілді мәселелер талқыланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Әділет департаменті" жаңалықтары