Қостанайлық спортшы Виталина Хоружая велотректен Азия Кубогында тамаша өнер көрсетіп, жүлдеге ие болды.

    Қостанайлық спортшы Виталина Хоружая велотректен Азия Кубогында тамаша өнер көрсетіп, жүлдеге ие болды.

    28-30 тамыз аралығында Таиланд Корольдігінде Азия құрлығының беделді жарысы өтіп, оған аймақтағы 21 елден 350-ге жуық спортшы қатысты. Қостанай облысының өкілі құрлықтың көшбасшы спортшыларымен тартысты бәсекеде бақ сынады.

    Хоружаяның қоржынында бірден екі жүлде бар: тартысты топтық жарыста — күміс, ал қарқынды скретч жарысында — қола медаль. Велошабандоздың бұл нәтижелері Қостанай велоспорт мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары