
Сейілхан Болатбек Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Қостанай облысының өкілі джиу-джитсу жарысында үшінші орынға ие болды.
77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен қола жүлде үшін белдесуде Болатбек Қостанай облысының атынан сынға түскен жерлесі Адлан Мадаевпен кездесті. Қазақстандық спортшылар арасындағы тартысты бәсеке 2:0 есебімен Болатбектің пайдасына аяқталып, оған құрлықтық додада қола медаль сыйлады.
Болатбекті сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймыз!








