Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды

    Қарағанды облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ерікті өртке қарсы құрылымдардың желісін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Қарқаралы ауданындағы Айрық және Айнабұлақ ауылдарында, сондай-ақ Абай ауданындағы Самарка ауылында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды. Бұл шалғай елді мекендердегі тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Енді төтенше жағдай туындаған кезде құтқарушылар оқиға орнына бұрынғыдан да жедел жетіп, көмек көрсете алады.

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды

    Бұған дейін аталған үш елді мекеннің ешқайсысында өрт сөндіру бөлімшесі болмаған. Сондықтан өрт шыққан жағдайда тұрғындар арнайы техниканың алыстан келуін күтуге мәжбүр еді.

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды

    Мәди ауылдық округіне қарасты Айрық ауылында 500-ге жуық адам тұрады. Енді мұнда жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ерікті өрт сөндірушілер кезекшілік атқарады.

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды

    Айнабұлақ ауылындағы өрт сөндіру бекетінің қызмет көрсету аумағына жақын орналасқан Ақтасты және Өсібай ауылдары да кіреді. Осылайша, жаңа бекет тағы екі елді мекеннің тұрғындарын өрт және басқа да төтенше жағдайлардан қорғауға мүмкіндік береді.

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды

    Самарка ауылында ашылған өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері Огородное ауылдық бөлімшесіне де, сондай-ақ осы елді мекендегі төтенше жағдайларға да шығатын болады. Бұл ауылдарда жалпы саны шамамен 800 адам тұрады.

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды

    Жаңа бекеттерде қызмет атқаруға қажетті барлық жағдай жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жасалды.

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды

    Төтенше жағдайлар министрлігі бекеттерді өрт сөндіру техникасымен, байланыс құралдарымен, өрт сөндіру-техникалық жарақтармен және жауынгерлік киім-кешекпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар нысандарда диспетчерлік бөлмелер жабдықталып, қоймалар мен гараждар, сондай-ақ құтқарушылардың демалуына арналған орындар қарастырылған.

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды

    Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпарат бойынша

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары