Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

Бүгінде жұмысқа орналасу кезінде келісімді қағазға толтырмай-ақ, электронды түрде рәсімдеуге болады. Бұл жұмыс беруші мен қызметкер үшін құжаттарды рәсімдеу және сақтау үдерісін жеңілдетеді.
Келісім Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеледі. Ал қызметкер өзінің жұмысқа орналасуына қатысты мәліметтерді онлайн режимде көріп, бақылай алады.
▶️ Электронды шартты қалай рәсімдеуге болады, жұмыс жолыңыз туралы ақпаратты қайдан көруге болады және оның қандай артықшылықтары бар толығырақ видеодан көре аласыздар.








