Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері отты жолақтан өтті

    Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері отты жолақтан өтті

    Тараз қаласындағы №20 өрт сөндіру бөлімінің аумағында арнайы психологиялық отты жолақта оқу-жаттығу өтті. Оған №4 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қатысты. Жаттығу барысында өрт сөндірушілер қою түтін мен жоғары температура жағдайында түрлі кедергілерден өтіп, шектеулі көріну кезінде бағдарлау, шұғыл шешім қабылдау және сабырлылық сақтау дағдыларын шыңдады. Мұндай жаттығулар құтқарушыларды нақты өрт жағдайларына дайындап, олардың физикалық және психологиялық төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары