Тазалық жұмыстары

    «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ғарыш сапары» ақпараттық жүйесі арқылы белгіленбеген орындарға төгілген қоқыс қалдықтары анықталды.

    Осыған байланысты, қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету және елді мекен аумағында таза әрі қолайлы орта қалыптастыру мақсатында «Таза Мұнайлы» МКК тарапынан ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілуде.

    🔴Құрметті аудан тұрғындары!

    Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарап, қоқыс қалдықтарын тек белгіленген орындарға төгулеріңізді сұраймыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Баянды ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары