Практикалық және әдістемелік көмек көрсету туралы АҚПАРАТ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Практикалық және әдістемелік көмек көрсету туралы АҚПАРАТ

    «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» ММ бастамасымен 2026 жылғы 26 тамызда Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің мамандары Әулиекөл ауданының мемлекеттік мекемелеріне жанадан қабылданған мамандар үшін оку өткізілді. Оқыту Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің ғимаратында өтті, онда қатысушыларға цифрландырылған архивтік құжаттар файлдарын электрондық форматта жүктеу және «ЭҚАБЖ» АЖ мәліметтерді енгізу жұмыстары көрнекі түрде таныстырылды.

    Сонымен қатар, Әулиекөл ауданы мемлекеттік мекемелерінің бас мамандарына, іс қағаздарын жүргізушілеріне «Іс номенклатурасы», «Істер тізілмідері» модульдерімен жұмыс істеу бойынша тікелей іс-тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетілді.

    Архивтік құжаттарды электрондық форматқа көшіру сақтаудың сенімділігін, құпиялылығын, қолайлылығын және іздеу жылдамдылығын қамтамасыз етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары