Қала әкімі Ернат Бәзіл «Arlan TDK» зауытының жұмысымен танысты

    Қала әкімі Ернат Бәзіл «Arlan TDK» зауытының жұмысымен танысты

    Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл абаттандыру және құрылыс саласына арналған тастан жасалған бұйымдар өндіретін «Arlan TDK» зауытының жұмысымен танысты.

    Қала әкімі өндіріс орнын аралап, зауыттың жұмыс барысы мен дайын өнім түрлерін көрді. Ол қаладағы абаттандыру және құрылыс жұмыстарында жергілікті өнімді кеңінен қолдануға жағдай жасау қажеттігін атап өтіп, кәсіпорын ұжымына табыс тіледі.

    Зауыт директоры Валерий Панның айтуынша, 2013 жылы негізі қаланған отбасылық кәсіп бүгінде әулеттің үшінші буынына өткен. Қазіргі таңда мұнда 30-ға жуық қала тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын айына шамамен 4 мың шаршы метр өнім шығарып, тротуар төсемдері, бордюр, құмблок пен шлакоблокты қоса алғанда 10-нан астам өнім түрін өндіреді.

    «Өнімдерімізге сұраныс бар. Басты артықшылығымыз тапсырысты қысқа мерзімде орындау. Өндірістік қондырғылардың арқасында өнім сапасына кемінде үш жыл кепілдік береміз. Алдағы уақытта зауытты кеңейтіп, өнім түрлері мен өндіріс көлемін арттыруды және жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отырмыз», – деді Валерий Пан.

    Кәсіпорын алдағы уақытта өндіріс желісін кеңейтіп, қосарлы престеу әдісімен жасалатын заманауи тротуар плиткаларын шығаруды қолға алуды жоспарлап отыр.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Талдықорған қаласының әкімдігі" жаңалықтары