
Мәслихат депутаты Ерғали Ділдәбек қала әкімі Азамат Есімұлының төрағалығымен өткен қабылдауға қатысты. Тұрғындардың жеке мәселелері бойынша ұйымдастырылған қабылдау барысында жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол, әлеуметтік мәселелер және газға қосылу бойынша мәселе көтерілді.
Түйткілді сауалдар бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырма беріліп, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді. Азаматтардың өтініштері бақылауға алынды.
Еске сала кетейік, Қосшы қаласы әкімдігі тұрғындарды тұрақты түрде қабылдайды.
Жеке қабылдауға алдын ала 8 (7172) 607-770 байланыс телефоны арқылы жазылуға болады.








