Тұрғындар өтініші — басты назарда

    Тұрғындар өтініші — басты назарда
    Бүгін Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышевтің төрағалығымен тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті. Қабылдауға қалалық мәслихат депутаты Ерғали Ділдәбек қатысты.
    Кездесу барысында тұрғындар жол құрылысы, әлеуметтік көмек, су, электр энергиясы, жер қатынастары және басқа да өзекті мәселелер бойынша өз сауалдарын жеткізді.
    Әрбір өтініш назарға алынып, көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Азаматтардың өтініштерінің орындалуы бақылауға алынды.
    Еске сала кетейік, Қосшы қаласы әкімдігінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау әр апта сайын сейсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.
    Қабылдауға алдын ала 8 (7172) 607-770 байланыс телефоны арқылы жазылуға болады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қосшы қаласының мәслихаты" жаңалықтары