Мониторинг жұмыстары

    «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауыл аумағына мониторинг жүргізу барысында қоқыс қалдықтарының белгіленбеген жерге төгілгені анықталды.

    Құқық бұзушыны анықтау мақсатында тиісті ақпарат аудандық полиция бөліміне жолданды.

    Учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қоқыс қалдықтарын төккен тұлға анықталды.

    Аталған тұлғаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

    Сонымен қатар, құқық бұзушы төгілген қоқыс қалдықтарын қайта жинап, аумақты тазарту жұмыстарын жүргізді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Баянды ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары