Катонқарағай аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына!

    Катонқарағай аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына!

    Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXXIX сессиясы 2026 жылы 04 қыркүйекте сағат 11.00-де Катонқарағай ауылы, Катонқарағай аудандық әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында өтеді.

    Депутаттарды тіркеу сағат 08.30 дан бастап жүргізіледі.

    Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

    1. Катонқарағай ауданы мәдени ошақтарының мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырудағы жұмысы туралы.

    2. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуы туралы. ( Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысымен бекітілген).

    3. Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері

    жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.

    4. Әр түрлі мәселелер

    Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2026 жылғы 04 қыркүйекте сағат 09.00-да, тұрақты комиссиялардың біріккен отырыстары сағат 10.00-де Катонқарағай аудандық әкімшіліктің ғимаратында өтеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Катонқарағай аудандық мәслихатының аппараты" жаңалықтары