Катонқарағай аудандық мәслихатының аппараты

    Мәслихат туралы

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

    Мәслихат өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді, олардың орындалуын бақылайды, өздерiнің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі.

    Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

    Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны мәслихат сессиясы болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Аудандық мәслихат төрағасының халықпен кездесуі

    Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР заңының талаптарына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы Б.Қ.Болаев Ақсу, Жазаба, Коробиха, Бекалқа, Аршаты, Берел, Еңбек, Шыңғыстай, Өрел ауылдарының тұрғындары алдында мәслихаттың жұмысы туралы баяндама жасап, сайлаушылармен кездесу өткізіп, жеке қабылдаулар жүргізді.

    11 ақпан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ауыл тұрғындарымен кездесу

    Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы Болаев Б. Шыңғыстай, Еңбек, Өрел, Аршаты ауылдарына барып, жергілікті ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде медициналық қызмет сапасы, жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды.Тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, сұрақтар қойылды. Көтерілген сұрақтар мәслихаттың бақылауында болатыны атап өтілді.Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы Болаев Б. Шыңғыстай, Еңбек, Өрел, Аршаты ауылдарына барып, жергілікті ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде медициналық қызмет сапасы, жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды.Тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, сұрақтар қойылды. Көтерілген сұрақтар мәслихаттың бақылауында болатыны атап өтілді.Кездесуде медициналық қызмет сапасы, жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды.Тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, сұрақтар қойылды. Көтерілген сұрақтар мәслихаттың бақылауында болатыны атап өтілді.Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы Болаев Б. Шыңғыстай, Еңбек, Өрел, Аршаты ауылдарына барып, жергілікті ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде медициналық қызмет сапасы, жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды.Тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, сұрақтар қойылды. Көтерілген сұрақтар мәслихаттың бақылауында болатыны атап өтілді.Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы Болаев Б. Шыңғыстай, Еңбек, Өрел, Аршаты ауылдарына барып, жергілікті ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде медициналық қызмет сапасы, жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды.Тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, сұрақтар қойылды. Көтерілген сұрақтар мәслихаттың бақылауында болатыны атап өтілді.Кездесуде медициналық қызмет сапасы, жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды.Тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, сұрақтар қойылды. Көтерілген сұрақтар мәслихаттың бақылауында болатыны атап өтілді.Тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, сұрақтар қойылды. Көтерілген сұрақтар мәслихаттың бақылауында болатыны атап өтілді.

    8 тамыз 2025 ж.Тікелей