Елордалық желаяқ Орталық Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды

    Елордалық желаяқ Орталық Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды

    Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында ел намысын қорғаған елордалық спортшы Виктория Ан екінші алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

    Қазақстандық атлет 100 метрге жүгіруде мәреге бірінші болып жетіп, чемпион атанды. Виктория қашықтықты 11,85 секундта еңсеріп, осы маусымдағы үздік нәтижесін тіркеді.

    Екінші орынды Өзбекстан өкілі Лайло Аллаберганова 11,92 секунд нәтижемен иеленсе, үздік үштікті Түрікменстан спортшысы Валентина Мередова 12,09 секунд көрсеткішпен түйіндеді.

    Айта кетейік, бір күн бұрын Виктория Ан 200 метрге жүгіруде де топ жарып, алтын жүлдені жеңіп алған болатын. Ол аталған қашықтықты 24,05 секундта бағындырып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

    Осылайша, Виктория Ан III Орталық Азия чемпионатында 100 және 200 метр қашықтықтарда жеңіске жетіп, жарыстың екі дүркін чемпионы атанды.
    Сонымен қатар 200 метрдегі 24,05 секундтық нәтиже Виктория Анға Жапонияда өтетін XX Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары