Астанада құрылыс нысандарындағы заң бұзушылықтар енді дрондар арқылы түсіріледі

    Елорда прокуратурасы құрылыс нысандарындағы заң бұзушылықтарды анықтау үшін дрондар қолдана бастады.

    Сақтандырудың болмауын, биіктікте қауіпті жұмыстардың жүргізілуін немесе заңсыз жұмыс күшінің тартылуын құрылыс салушылар енді жасыра алмайды.

    Алғашқы 3 айда арнайы техниканың объективіне мыналар түсті:

    • қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы талаптарды бұзған 20 құрылыс нысаны;
    • 13 жұмыс беруші әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды;
    • 7 әкімшілікқұжат – қаралуда.

    Астана қаласының прокуратурасы «әуе бақылауының» мақсаты – азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбекті қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету екенін атап өтті.

    Астана қаласының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының прокуратурасы" жаңалықтары