
Целиноград ауданында еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі ең ірі іс-шаралардың бірі – Jańa Dala / Green Day-2026 халықаралық мамандандырылған көрме-демонстрациясы басталды
Оныншы мәрте өткізіліп жатқан мерейтойлық көрмеге әлемнің 26 елінен 200-ден астам компания қатысып, 500-ден астам заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының үлгілерін, агродрондарды, роботтандырылған сүт фермаларын және цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерді таныстыруда.









