Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті·Жаңалықтар мұрағаты

19-23 тамыз аралығында Германияның астанасы Берлинде үстел теннисінен WTT Feeder Berlin халықаралық турнирі өтеді.
Биыл жарысқа 20 елдің спортшылары қатысады. Бұл қатарда Қазақстан командасының ойыншылары бар. Қазақстан құрамасының сапында Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов пен Жанерке Қошқұмбаева сынға түседі.
Бүгін топта өнер көрсететін біздің спортшылардың қарсыластары белгілі болды.
Топтық кезеңдегі кездесулер:
Санжар Жұбанов - Амирмахди Кешаварзи (Иран), Алекси Рясянен (Финляндия)
Айдос Кенжеғұлов - Ценг Цзы-Ю (Қытай Тайбэйі), Кристиан Нгелека (Конго)
Жанерке Қошқұмбаева - Иоана Сингеорзан (Румыния)
Александра Михалак (Польша), Зузанна Павелец (Польша)
Ал Алан Құрманғалиев турнирді бірден 1/16 кезеңінен бастайды.








