
18-19 тамызы Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары тұрғындар арасында цифрлық сауаттылықты арттыру және электрондық мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесулер барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді eGov.kz порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алудың тәртібі жазылған ақпараттық брошюралар мен парақшалар таратылды. Оған қоса, алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға eGov арқылы банктік заемдар мен микрокредиттерді алудан ықтимал бас тарту функциясын белсендіру жолдары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарынан кейін, мамандар ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында азаматтарға ЭЦП кілттерін алу, eGov Mobile қосымшасын орнату, мекенжай анықтамаларын жүктеу, зейнетақы аударымдары туралы мәлімет алу, некеде тұру немесе жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтамаларды рәсімдеу, сондай-ақ микрокредиттерден бас тартуға өтінім беру бойынша практикалық көмек көрсетті.









