«Таза Қазақстан» акциясы аясында Құрық ауылының аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды

    «Таза Қазақстан» акциясы аясында Құрық ауылының аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Құрық ауылының аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

    Атап айтқанда, ауыл сыртындағы аумақтарда, саябақтарда және теңіз жағалауларында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны қоқыстардан тазарту шаралары атқарылды.

    Іс-шараның басты мақсаты – ауыл аумағының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

    Таза ауыл – ортақ міндет!

    #ТазаҚазақстан #ҚұрықАуылы #ҚарақияАуданы #Экология #Абаттандыру 9.08.2026 жыл

    Құрық ауылы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары