АНАЛАРҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ БЕРІЛГЕН БАҒА

    АНАЛАРҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ БЕРІЛГЕН БАҒА
    Ауданымызда ел болашағы мен ұлт келешегі үшін өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ардақты көпбалалы аналарға Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 17 маусымдағы №1320 және 2026 жылғы 10 шілдедегі №1363 Жарлықтарына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
    Салтанатты шара барысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аналарды айтулы марапаттарымен құттықтап, ана еңбегінің қашанда ел үшін қастерлі екенін атап өтті.
    Бүгінгі таңда ауданымызда 710 «Алтын алқа», 1388 «Күміс алқа» иегері және 66 «Батыр ана» өмір сүріп келеді, бұл – өңіріміздегі береке мен бірліктің, отбасылық құндылықтарға деген адалдықтың айқын көрінісі.
    Аяулы аналардың ақ батасы мен өлшеусіз еңбегінің арқасында қоғамымызда ұрпақ сабақтастығы үзілмей, ұлттық тәрбиенің терең өзегі нығайып келеді, әрі бұл күн – сол қадірлі аналардың қатарының тағы да жаңа есімдермен толығып, мерейі асқақтаған айтулы сәт.
    Шара соңында марапат иелері мемлекет тарапынан көрсетілген зор құрмет пен ықылас үшін шын жүректен алғыстарын білдіріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосатын, отансүйгіш саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы абыройлы еңбектерін ешқашан тоқтатпайтындарын жеткізді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Отырар ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары